Политика конфиденциальности
- Жалпы ережелер
- Ұғымдық аппарат
- Құпиялылық саясатын тарату
- Пайдаланушы құқықтары
- Нақты деректерді беру керек пе?
- Біз қандай деректерді өңдейміз, олардың мақсаты, негізі және сақтау мерзімі қандай?
- Деректерді өзгертуге бола ма?
- Өз деректерін қалай жоюға болады?
- Кімге қандай деректер берілуі мүмкін, беру мақсаты, негізі және сақтау мерзімі қандай?
- Мемлекеттік органдарға және осыған уәкілеттік берілген тұлғаларға ақпарат беру
- Ақпарат қауіпсіздігі
- Құпиялылық саясатындағы өзгерістер
- Байланыс ақпараты
1. Жалпы ережелер
1.1. https://chocolife.me веб-сайтын (бұдан әрі – «Веб-сайт») және Chocolife.me мобильді қолданбасын (бұдан әрі – «Қолданба») басқаратын «Редпрайс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – «Компания», «біз») Пайдаланушы деректерінің құпиялығы.
1.2. Осы Құпиялылық саясаты (бұдан әрі – «Саясат») сіздің (бұдан әрі – «Пайдаланушы») Веб-сайтты және Қолданбаны пайдалануыңыздан алынған болуы мүмкін ақпаратты жинауға және өңдеуге қатысты біздің саясатымызды баяндайды.
2. Ұғымдық аппарат
- «Редпрайс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі — Веб-сайт арқылы, оның ішінде кері байланыс нысаны арқылы жиналған және Қолданба арқылы жиналған дербес деректердің операторы. Дербес деректер операторы деп дербес деректерді жинауды, өңдеуді және қорғауды жүзеге асыратын тұлға түсініледі.
- Пайдаланушы — дербес деректер тиесілі болған дербес деректердің субъектісі.
- Дербес деректер — белгілі бір немесе олардың негізінде анықталатын Пайдаланушыға (дербес деректер субъектісіне) қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық тасымалдағышта жазылған ақпарат.
- Веб-сайт — https://chocolife.me бірегей бет көрсеткіші бар және ішінде Компанияны басқаратын беттері бар интернет-ресурс.
- Қолданба — Компанияға тиесілі «Chocolife.me» мобильді қолданбасы.
- Cookies — Компаниияның Веб-сайтына кірген кезінде пайдаланылатын Пайдаланушының құрылғысында сақталатын деректердің шағын файлдары.
3. Құпиялылық саясатын тарату
3.1. Осы Саясат мыналарға қолданылады:
- https://chocolife.me веб-сайт;
- «Chocolife.me» қосымшасы;
- электрондық пошталар.
4. Пайдаланушы құқықтары
4.1. Пайдаланушы дербес деректер субъектісі ретінде келесі құқықтарға ие:
- 4.1.1. Пайдаланушының дербес деректерінің Компанияда бар болуы туралы білуге, дербес деректерді жинау және өңдеу фактісін, мақсатын, көздерін, тәсілдерін растайтын; дербес деректердің тізбесі; дербес деректерді өңдеу мерзімдері, оның ішінде оларды сақтау мерзімдері ақпаратын алуға;
- 4.1.2. растайтын құжаттар бар болған кезде Компаниядан Пайдаланушының дербес деректерін өзгертуді және толықтыруды талап етуге;
- 4.1.3. Пайдаланушының дербес деректерін бұғаттауды талап етуге;
- 4.1.4. Пайдаланушының дербес деректерін жоюды талап етуге;
- 4.1.5. дербес деректерді жинауға және өңдеуге берген келісімді кері қайтарып алуға;
- 4.1.6. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де құқықтар.
5. Нақты деректерді беру керек пе?
5.1. Бұл міндетті емес, бірақ кез келген жағдайда біз Пайдаланушы жіберген кез келген деректерді дербес деректерге жатқызамыз.
6. Біз қандай деректерді өңдейміз, олардың мақсаты, негізі және сақтау мерзімі қандай?
Мақсаты | Негізі | Дербес деректер | Сақтау мерзімі |
---|---|---|---|
Купондар мен сертификаттарды сатып алу бойынша қызметтерді ұсыну | Жеке кабинетте тіркелу |
|
|
Пайдаланушының сұрау салуына жауап беру | Кері байланыс нысандары арқылы алынған сұрау салу |
|
|
Пайдаланушының жеке кабинетін қауіпсіздендіру | Жеке кабинетте тіркелу |
| Жеке кабинет жойылғанға дейін |
Пайдаланушыға жеке кабинеттегі әрекеттер туралы e-mail-де хабар беру (мысалы, купондарды сатып алу) | Таратылымдарды алуға келісім |
| Пайдаланушы таратылымдарды алуға келісімді қайтарып алған сәтке дейін |
Пайдаланушыға жаңалықтар, арнайы ұсыныстар туралы хабар беру | Таратылымдарды алуға келісім |
| Пайдаланушы таратылымдарды алуға келісімді қайтарып алған сәтке дейін |
Көрсетілетін қызметтердің сапасын және Пайдаланушы тәжірибесін жақсарту | Келісім |
| Пайдаланушы дербес деректерді өңдеуге берген келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін (функционалды cookie-файлдарына жатпайды) |
Геолокация бойынша релевантты ұсыныстар беру | Келісім |
| Пайдаланушы дербес деректерді өңдеуге берген келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін |
Пайдаланушының төлемдерін және қаржылық қауіпсіздігін жүзеге асыруды қамтамасыз ету | Эмитент-банктің келісімі/сұрау салуы |
| Транзакция жасалған сәттен бастап 5 жыл |
Пайдаланушы cookie файлдарын қалай пайдаланатынымыз туралы толығырақ Cookie файлдарын өңдеу саясатында таныса алады.
7. Деректерді өзгертуге бола ма?
7.1. Пайдаланушы кез келген уақытта өз деректерін өзгерте немесе жаңарта алады. Деректердің өзгеруі Пайдаланушының жеке кабинетінде жүргізіледі.
8. Өз деректерін қалай жоюға болады?
8.1. Пайдаланушы аккаунтты жою жолымен өз деректерін жоя алады. Пайдаланушы 30 күнтізбелік күн ішінде өз аккаунтына кіруді қалпына келтіре алады.
8.2. Сондай ақ пайдаланушы ok@chocolife.me электрондық поштасына «Дербес деректерді жоюға сұрау салу» тақырыбын көрсете отырып хат жіберу жолымен өз деректерін жоя алады. Біз Пайдаланушының хатын тіркеген сәттен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде дербес деректерді жоямыз.
9. Кімге қандай деректер берілуі мүмкін, беру мақсаты, негізі және сақтау мерзімі қандай?
Беру мақсаты | Кімге беріледі | Негізі | Дербес деректер | Сақтау мерзімі |
---|---|---|---|---|
Пайдаланушыға қызмет көрсету | Компания Серіктестеріне | Купонды және (немесе) сертификатты сатып алу |
| Транзакция жасалған сәттен бастап 5 жыл |
Төлемді жүзеге асыруды ұйымдастыру | «Интернет лояльность» ЖШС | Купонды және (немесе) сертификатты сатып алу |
| Транзакция жасалған сәттен бастап 5 жыл |
Төлемді жүзеге асыру | Төлем ұйымдары мен банктер | Купонды және (немесе) сертификатты сатып алу |
| Транзакция жасалған сәттен бастап 5 жыл |
Chocofamily экожүйесінің қызметтерін ұсыну | Chocofamily Компаниялар тобы:
| Жеке Кабинетті тіркеу |
|
|
Передача данных банку-партнеру АО «Фридом Банк Казахстан» через экосистему Chocofamily в целях участия в программе лояльности банка-партнера. | ТОО «Интернет лояльность» с дальнейшей передачей АО «Фридом Банк Казахстан» | Согласие / Оформление заказа |
|
|
10. Мемлекеттік органдарға және осыған уәкілеттік берілген адамдарға ақпарат беру
10.1. Компания дербес деректерді тиісті мемлекеттік органдарға немесе осыған уәкілеттік берілген тұлғаларға осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамның санкциялаған ресми сұрау салуы болған кезде ғана бере алады. Алайда, деректерді беру қатаң регламенттелген, Компания заңнамада белгіленген рәсімдерге сәйкес келмейтін дербес деректерді бере алмайды.
11. Ақпарат қауіпсіздігі
11.1. Біз Пайдаланушының жеке ақпаратының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оған рұқсатсыз қолжеткізудің алдын алу үшін шаралар қабылдаймыз. Алайда, интернет арқылы ақпарат беру 100% қауіпсіз емес және біз Пайдаланушы ақпаратының қауіпсіздігіне кепілдік бере алмаймыз. Сонымен бірге біз тікелей серверлерімізде жарияланған ақпараттың қауіпсіздігіне кепілдік береміз.
12. Құпиялылық саясатындағы өзгерістер
12.1. Біз осы құпиялылық саясатын кез келген уақытта өзгерту құқығын өзімізде қалдырамыз. Кез келген өзгерістер осы бетте жарияланады, сондықтан кез келген жаңартулар туралы хабардар болу үшін оған үнемі кіріп тұрыңыз.
13. Байланыс ақпараты
13.1. Құпиялылық саясаты бойынша сұрақтар туындаған жағдайда Пайдаланушы мына мекенжайға жүгіне алады: Алматы қ., Байзақов к-сі, 280 (Сәтбаев көшесінің қиылысы), «Almaty Towers» БО, Choco кеңсесі. Телефон: +7 (727) 339-91-00. Электрондық пошта ok@chocolife.me
Күшіне ену күні: 01.10.2024